«Құстарды қорғау» айлығының ашылуы

2 сәуірде «Құстарды қорғау» айлығының ашылуына арналған шаралар өтті. Іс-шаралар мектебіміздің 2 және 3 қабаттарының демалыс орындарында өтті. Оларды ұйымдастыруға Г.А.Жакупованың жетекшілігімен 8-сынып және Шевчук Н.В. қатысты.

Шара барысында  Дүниежүзілік құстар күні туралы ақпарат берілді. Оқушылар мерекенің тарихымен танысты, сонымен қатар мектепішілік «Құсты тап!» викторинасына қатысты.

Шара соңында онкүндіктің мақсаттары мен міндеттері жарияланып, жұмыс жоспары ұсынылды, оның мақсаты: құстардың алуан түрлілігін сақтауға бағытталған іс-шаралар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін және құстардың санын арттыру.

Айлық жоспарды орындау келесі міндеттер бойынша жүзеге асырылады: оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және туған өлкенің құстарын тану арқылы табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Айлық 30 сәуірге дейін жалғасады. Құрметті ұстаздар мен балалар, белсенді қатысуларыңызға тілектеспіз және сәттілік тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері