«Шежіре күні»

Аққайың ауданындағы білім беру ұйымдарындағы Наурыз мейрамын  өткізу және дайындық жоспары бойынша 15 наурыз күні «Шежіре күні» болып аталды. Осыған орай біздің мектебімізде Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында әр сыныптарда «Ұлыстың ұлы күні» атты сынып сағаттары өткізілді. Бұл сабақ барысында оқушылар бұл мейрам жайлы презентация тамашалап, білімдерін толықтырып, өзара пікірлесті. Өздерінің жеті аталары туралы айтып, оларды ұмытпай, есте сақтау керектігін, үлкендерге құрмет көрсетудің маңыздылығы жайлы сөз қозғады.  Өз арғы аталарын құрметтеу, пір тұту мақсатындағы сынып сағаттары іске асты.

Қосымша ақпарат көздері