«Тіл – асыл қазына» интеллектуалды сайысы

«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты қазақ тілі апталығының онкүндігі аясында мұғалімдер арасында «Тіл – асыл қазына» интеллектуалды сайыс өтті.

Мақсаты – мемлекеттік тілде сөйлеуге деген қызығушылықтарын арттыру, тілді сүюге және құрметтеуге баулу, сөздік қорларын дамыту, ойлау қабілеттерін, белсенділіктерін арттыруға әрекет ету.

Іс-шараға мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері қатысты. Сайыстың әділ өтуін қазылар алқасы бақылап отырды. Екі топ бақ сынады: «Рахат» және «Құрметті қонақтар». Ойын 6 кезеңнен тұрды.

1 – «Өзін-өзі таныстыру», 2 – «Мағынасын аш», 3 – «Бәйге», 4 – «Ойлан тап», 5 – «Қазақша дұрыс жаз!», 6 – «Топ басшылары сайысы». Әр топ өз жеңістері үшін белсенділік танытты. Олар қазақ тілінен білімдерін жоғары деңгейде көрсете алды. Сайыс қорытындысы бойынша «Рахат» тобы – бірінші орынды, «Құрметті қонақтар» тобы – екіншіторынды иеленді. Ойынымыз көңілді ән шырқаумен аяқталды.

Қосымша ақпарат көздері