«Қазақпын – «қазақ»қаған»кітап көрмесі

Наурыз мерекесі аясында 14 наурызда Қазақстан Республикасында көрісу (амал) күні атап өтіледі. Бұл күні тұрғындар бір-бірін көктемнің сәтті басталуымен құттықтайды, тілектер айтады, аға ұрпаққа құрмет көрсетеді.
Наурызды дайындау және мерекелеу жоспарына сәйкес Смирнов №1
орта мектебінде «Қазақпын – «Қазақ» десе мақтанамын…»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде халықтың ұлттық ерекшелігін: оның мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын ашатын кітаптар ұсынылған. Мұнда аңыздар, халық қолөнері, ұлттық киім, музыкалық аспаптар, ұлттық тағамдар туралы мәліметтер келтірілген. Бұл кітаптар осы мерекенің барлық мағынасын сипаттайды.

Қосымша ақпарат көздері