«Мың бала» ауылдық оқушылар үшін ұлттық олимпиадасының екінші кезеңі

2024 жылы 02 мамырда Смирнов №1 орта мектебінің негізінде «Мың бала» ауылдық оқушылар үшін ұлттық олимпиадасының екінші кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау.
Олимпиадаға аудан мектептерінің 6 сынып оқушылары қатысты. Біздің мектептен 2 оқушы қатысты. Олимпиадада компьютерлік тестілеу арқылы оқушылардың академиялық білімдері бағаланады.
«Мың бала» дарынды ауылдың балаларына абсолютті айқын және адал рәсімде мықты мектептерде оқу мүмкіндігі беріледі.
Барлық қатысушыларға сәттілік және одан әрі жеңістер тілейміз.

Қосымша ақпарат көздері