ББЖМ-2024

13 мамырда Смирнов №1 орта мектебінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілді. ББЖМ-бұл оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, оқу процесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін оқушылардың білім сапасын қазақстандық ұлттық зерттеу.
Мониторинг сауаттылықтың үш бағытын бағалайды: оқу, математикалық және табиғи ғылыми. Оқушылар тестілеуді компьютерлік форматта тапсырды. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, ББЖМ шеңберінде білім беру жетістіктеріне әртүрлі факторларды анықтау үшін сауалнама жүргізіледі. Соңында оқушыларға, педагогтарға, мектеп басшыларына және білім алушылардың ата-аналарына арналған сауалнама жүргізіледі.
Бұл тестілеудің түпкілікті нәтижесі білім беру сапасын арттыру үшін әрбір өңір және нақты мектеп бөлінісінде кешенді талдау мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне қатысқан ДКСО, аудандық білім бөлімінің бақылаушылары және тәуелсіз бақылаушы өткізудің барлық ережелерінің сақталуын қатаң қадағалады. Тестілеу кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ, барлығы жоғары деңгейде өтті.
ББЖМ- ға 4 сыныптың 34 оқушысы және 9 сыныптың 26 оқушысы қатысты. ББЖМ-ға дайындық өте белсенді өтті. Жоспарға сәйкес мектепте консультациялар, сынақ тестілері өткізілді. Білім алушылар барлық үш бағыт бойынша жалпы білім беру дағдыларын қалыптастырудың жеткілікті деңгейін көрсетті деп үміттенеміз!

Қосымша ақпарат көздері