«Наурыз – қуаныш кезеңі»

17 наурыз күні біздің мектебімізде «Наурыз – қуаныш кезеңі» атты мерекелік концерт өтті. Концертке 5-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Көрермендер қазақтың ұлттық киімімен ұлттық биді тамашалады.  Сонымен қатар әсем ән шырқалды, ұлттық ойындар ойнатылды, тақырыпқа сай викториналық сұрақтар қойылды. Қазақ халқының салт-дәстүрлері де назардан тыс қалмады. Сахнада тұсау кесу, бесікке бөлеу сынды дәстүріміз, қазақ ертегілері де қойылым ретінде  көрсетілді. Тақтада ою-өрнектердің түр-түрі көрсетіліп, көрермендердің назарына ұсынылды. Концерттің соңында қыдыр ата келіп, көпшілікке өзінің ақ батасын берді. 

Қосымша ақпарат көздері