«Білім Отаныма»

2024 жылдың 24 мамырында №1 Смирнов орта мектебінде 1-10 сыныптар арасында жалпыреспубликалық «Білім Отаныма» сынып сағаттары өтті. Шара барысында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғани Бейсембаевтың бейне үндеуі тыңдалды. Әр сынып оқушыларының жетістіктері туралы презентация дайындалып, марапаттаулар жасалып, жыл қорытындысын шығарды. Сондай-ақ нұсқаулықтар туралы ақпарат беріледі.
9-11 сынып оқушылары «Мен.Мектеп.Ұстаз» тақырыбында эссе жазды, онда балалық шақтан тәуелсіз өмірге көшу, болашақ туралы өз ойларын ортаға салып, мектепке деген тілектерін жазды.

Қосымша ақпарат көздері