«Мамандық таңдау – болашақ жол таңдау» облыстық кәсіптік бағдар беру байқауы


2024 жылдың 27 ақпанында Гуманитарлық-техникалық колледж базасында Солтүстік Қазақстан облысының кәсіптік бағдар беру орталығымен бірлесіп, «Мамандық таңдау – болашақ жол таңдау» атты облыстық кәсіптік байқау өткізілді. Сегіз номинация бойынша өткен байқауға Солтүстік Қазақстан облысының аудан, қала мектептерінен 148 оқушы қатысты. Байқау 2 кезеңде өтті: теориялық және практикалық. Орындалған конкурстық тапсырмалардың нәтижелерін бағалау кезінде құзыретті қазылар алқасы келесіні назарға алды: теориялық дайындық деңгейін, жұмыс сапасын, байқауға қатысушының өндірістік және шығармашылық дербестік дәрежесін. Байқауға мектебімізден 9 оқушы қатысып, оның үшеуі жүлделі орындарға ие болды.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша келесі нәтижелер алынды:
«Маркетингтегі үздік» номинациясында: 2-дәрежелі диплом – 9-сынып оқушылары Томирис Абдуалиева, Ксения Кислая; «Компьютерлік графикадағы үздік» номинациясында: 9-сынып оқушысы Андрей Судин. Аталған іс-шараға 11-сынып оқушылары – Жақсылықов Жақсылық, Сатанов Радмир және 9-сынып оқушылары – Сакенова Камила, Батина Ұлжан, Ибраев Расул, Сергиенко Александр, Клепинин Ильялар қатысқаны туралы сертификаттармен марапатталды.
Облыстық байқаудың қорытындысын шығару және оның жеңімпаздарына дипломдарды табыстау салтанатты жағдайда өтті. Колледж студенттері гуманитарлық-техникалық колледжде оқытылатын мамандықтарға туралы сахналық концерт дайындады.

Қосымша ақпарат көздері