ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН АРАЛЫҚ ЕМТИХАН

Мамыр айының 27 -31 аралығында Смирнов №1 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5,6,7,8,10 сыныптар арасында аралық емтихан өтіп жатыр. Алғаш болып 27 мамыр күні 5 сыныптар емтихан тапсырды.
Емтихан екі бөліктен тұрады: жазбаша және ауызша. Оқушылар эссе жазады, сондай-ақ мәтінді оқу, әңгімелесу және мәтінді тыңдап түсіну бойынша өз шеберлігін көрсетеді.
Қазақ тілінен аралық емтихандар өткізудің негізгі мақсаты – білім алушылардың қазақ тілі мен әдебитеті пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеруін бағалау.
Барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері