«Құттықтау қағазы өз қолымен»

Аққайың ауданындағы білім беру ұйымдарындағы Наурыз мейрамын  өткізу және дайындық жоспары бойынша 17 наурыз күні «Волонтерлердің қатысуымен игі істер күні/дархандық күні»  болып аталды. Осыған орай біздің мектебімізде «Құттықтау қағазы өз қолымен» атты акциясы өтті.Акция барысындаоқушыларөз қолдарымен құттықтау қағаздарын жасады. Бұл хаттарында балалар Наурыз мейрамымен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Тек мұнымен ғана шектеліп қоймай, ашық хаттарын әдемі суреттермен, гүлдермен безендірді. Құттықтау қағазы алғандардың көңілінен шықты.

Қосымша ақпарат көздері