Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Мақсаты: балалық шақ мерекесін тойлау, қуаныш атмосферасын құру, оқу-тәрбие үдерісіне барлық қатысушылардың жағымды эмоционалдық жағдайын жасау. Балаларды қорғау күні қарсаңында дарынды балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді және ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін «Балалар әртүрлі, бұл жақсы!» тақырыбында іс-шара өткізіліп, оған қоса мектепалды даярлық сыныбына арналған «Почемучки» байқауы өткізілді. Бүгін №1 Смирнов орта мектебінде асфальтқа сурет салу және «Айгөлек» шығармашылық байқауы өтті, онда балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, мерекелік атмосфераны сезінді. Сондай-ақ, 3 маусымда мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған мектеп жанындағы лагерьдің салтанатты ашылуы жоспарлануда.

Қосымша ақпарат көздері