«Шымырлық пен шеберлік күні»

Аққайың ауданындағы білім беру ұйымдарындағы Наурыз мейрамын өткізу және дайындық жоспары бойынша 18 наурыз күні «Шымырлық пен шеберлік күні» болып аталды. Осыған байланысты Наурыз мейрамына орай біздің мектебімізде ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Бұл ойындарды ұйымдастырудағы басты мақсат – оқушыларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыру, олардың бойында батылдықты, ерлікті, шымырлықты, ептілікті дамыту. Наурыз мейрамында «Қыз қуу», «Арқан тартыс» сынды ұлттық ойындар ойнатылып, оқушылар өзара күш сынасты. Оқушылар бойларына күш-жігер жинап қана қоймай, жақсы көңіл-күйді сыйға алды.

Қосымша ақпарат көздері