«Жоралғы күні»

Аққайың ауданындағы білім беру ұйымдарындағы Наурыз мейрамын  өткізу және дайындық жоспары бойынша 20 наурыз күні «Жоралғы күні» болып аталды. Осыған орай біздің мектебімізде «Ғажайып Наурыз» атты суреттер байқауы өтті. Байқауға бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Әр оқушы өз суретінде қазақ халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін, құндылықтарын көрсеткісі келді. Киіз үй, ұлттық киімдегі сәукеле киген арулар да оқушылардың суреттерінен орын алды. Ешбір сурет назарсыз қалмады, байқауға қатысқан әр оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды.  

Қосымша ақпарат көздері