«Бұқара күні»

Аққайың ауданындағы білім беру ұйымдарындағы Наурыз мейрамын  өткізу және дайындық жоспары бойынша 22 наурыз күні «Бұқара күні» болып аталды. Бұл күні мектеп ұжымы Наурыз мейрамын тойлауға, бұқаралық  іс-шараларға, ұлттық ойындарға белсене қатысты. Орталықта наурызкөже пісіріліп, әр ұжым өз дастарханын жайды. Сонымен қатар қазақша әндер айтылып, би де биленді, домбырада күй де шырқалды.  Адамдар барынша ұлттық киімдерін киюге тырысты. Қорыта келе, мереке өте көңілді өтті.

Қосымша ақпарат көздері