Мамыр мерекелері мен Жеңіс күнінің қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтті

4 мамыр күні Смирнов №1 орта мектебінде мамыр мерекелері мен Жеңіс күнінің қарсаңында оқушылар мен мұғалімдер, мектеп қызметкерлерінің   қатысуымен «Еркін ел ұрпағы»  атты жалпыұлттық патриоттық диктанты өтті. Мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу; Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.

Диктант жазуда 8-11 сынып аралығында 64 оқушы және 43 мектеп қызметкерлері мемлекеттік тілде өз білімдерін сынады. Олар жазу барысында қазақ тілінің төл дыбыстарын ескере отырып, сауатты жазуға ұмтылды. 

Қосымша ақпарат көздері