20 желтоқсанда Смирнов№1 орта мектебінің қабырғасында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың аудандық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту; теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету; тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ету; дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау; оқушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін іріктеу және дайындау; Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру.
Бүгін Аққайың ауданында түрлі мектептерден 65 оқушы жиналып, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша білімдерін сынады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада дарынды оқушыларды анықтауға көмектеседі, сондай-ақ олардың әрі қарай дамуына және болашақта табысты мансап құруына жақсы жағдай жасауға көмектеседі.
Сіздерге сәттілік, табандылық пен шыдамдылық, құрметті қатысушылар!!!