22-23 қаңтар аралығында Астана қаласында ауыл мектептері оқушыларының бірінші республикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті. Бұл олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатысады. Бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға және ауылдардағы дарынды балаларды қолдауға бағытталған. Мектебіміздің атынан аудандық, облыстық кезеңдерден сүрінбей өткен 11 сынып оқушысы Божатова Томирис қатысты. Томиристің оқуға деген сүйіспеншілігі және мұғалімі Жолдоспаева Г.М олимпиадаға жүйелі дайындығы өте жақсы нәтиже көрсетті. Үшінші финалдық кезеңде Томирис үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды, медальдан басқа сыйлық – сымсыз зарядтағыш берілді.