Смирновка орта мектебі 1 КММ жанындағы Айналайын шағын орталығында тәрбиеші музыкка пәнінің мұғалмі Мухамеджанов Ж.Е. » Музыка патриоттық тәрбие құралы» тақырыбында әңгіме өткізді.
Мақсаты: Балаларда музыкалық мәдениетін қалыптастыру. Жеке тұлға қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі
Тәуелсіз елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілесу саясатты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде өнер саласында мәдениет пен білімді дамытуда аса маңызды рөл атқарды.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған жеке тұлға. Адамдар жеке тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Жеке тұлға дегеніміз адамның мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындығы ерекшелігімен даралануы . Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай болуына қарамастан, өзін қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс.