2024 жылдың 28 ақпанында М.Қозыбаев ат. СҚУ Солтүстік Қазақстан облысы және Петропавл қ. гимназия, лицей, жалпы білім беру мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында тіл пәндері бойынша оқушылардың олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада тілді оқуға ерекше қызығушылық танытқан оқушыларда шығармашылық қабілеттілікті және ғылыми-зерттеу қызметтіне қызығушылықты аңықтауға және дамытуға бағытталған.
Оқушылар француз, неміс, орыс, ағылшын, қазақ тілдері, әдебиет бойынша білімдерді аңықтау бойынша сайысқа түсті. Олимпиадаға 300 астам оқушы қатысты, біздің мектептен 8 оқушы қатысты.
Тіл пәндері бойынша олимпиада 2 кезеңде өткізілді (оқу, тындалым, айту немесе эссе жазу, кейін лексика – грамматикалық тесті шешу).
Олимпиада нәтижесі бойынша біздің 6 баламыз екінші кезеңге өтті. 11 сынып оқушылары Божатова Томирис және Сорокина Елизавета орыс тілі пәні бойынша 3 орын алды, 10 сынып оқушысы Сербина Наталья «Жоғары филология мәдениетті» номинациясында жеңіске жеткені үшін құрмет грамотасы берілді.
Сонымен қатар іс-шара шеңберінде қатысушылар үшін университеттің филология білім бағдарламаларының презентациясы және «Лингва-шоу» тартысы өткізілді.