2024 жылдың 22 ақпанында Смирнов №1 орта мектебінде Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жиналыс ұйымдастырылды.
Жиынға Аққайың аудандық білім беру мекемесінің, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, аудандағы мектеп директорлары мен мұғалімдері де қатысты.
Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық тақырыбы қозғалып, Аққайың ауданында соңғы 3 жылда жасөспірімдер арасында бірде-бір құқық бұзушылық оқиғасы тіркелмегені жайлы айтылды.
Жиында «Мектеп қабырғасындағы бұзақылық» тақырыбына көп көңіл бөлініп, облыстық білім беру ұйымының және аудандағы мектептердің өкілдерімен әңгіме жүргізіліп, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.