Жыл сайын 2 сәуірде ұлы дат хикаяшысы Х.Х.Андерсеннің туған күні бүкіл әлем Халықаралық балалар кітабы күнін атап өтеді. Оны мерекелеу 1967 жылы Халықаралық балалар кітаптары кеңесінің бастамасы мен шешімімен белгіленді.
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні мектеп кітапханасында іс-шара – «Жұмбақтар бар кітап» әдеби викторинасы өтті, оған 6 «А» сынып оқушылары қатысты. Кітап – жұмбақ нәрсе… Осы іс-шараға арнап «Х.Х.Андерсеннің ертегілер кітабы» атты ерекше көрме ұйымдастырылып, түрлі жанрдағы балаларға арналған кітаптар ұсынылды. Оқушылар «Ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар», «Сен білесің бе?», «Оқиғаға қарап ертегіні тап» және т.б сайыстарға қатысты. Іс-шара қызықты және тартысты өтті. Барлық қатысушылар тапсырмаларды орындап, белсенділік пен ізденімпаздық танытты. Бір қуантарлығы, балалар тамаша білімдерін көрсетті. Ертегінің арқасында олар әсемдікті сезінеді, зұлымдықты ажыратады, мейірімге сүйсінеді.