Құрметті ата-аналар!
Көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлау фактілерін болдырмау мақсатында 2023 жылғы 3-14 сәуір аралығында «Қауіпсіз терезе» республикалық ақпараттық науқаны өткізіледі. Қазіргі уақытта көпқабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сәбилердің терезеден құлау жағдайларының жиілеуіне байланысты өзекті болып қала береді. Бұл әсіресе 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Жазатайым оқиғалардың себебі-ата-аналардың, ересек туыстардың жауапсыз қарым-қатынасы.
Ата-ана міндеттеріне немқұрайлы қарау ата-аналардың балаларға ашық терезеден құлап кету қауіпін түсіндірмеуінен, терезеге тор орнату, ашу тұтқаларын бұғаттау сияқты шараларды қолданбауынан көрінеді.
Акцияның қорытындысы ата-аналар мен балалардың хабардар болу деңгейін арттыру, ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тартуды жандандыру болуға тиіс. Өмірді бағалаңыз! Жақындарыңыз бен туыстарыңызға қамқорлық жасаңыз!