1 мамырда Қазақстан ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі — Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін өте қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында біз бір тату халықпыз.
27 сәуірде біздің мектепте Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік концерт өтті. Мерекеде патриоттық әндер шырқалды, ұлттық билер, флешмоб орындалды. Мектеп әртістері баршаға көктемгі табиғаттың ояну сезімін ғана емес, сонымен қатар 1 мамырды барлық қазақстандықтарды біріктіретін ортақ мереке ретінде қабылдауды алып келген үлкен эмоционалды көңіл-күй сыйлады.