2024 жылғы 19 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллекттің көмегімен оқу сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинар бірнеше кезеңнен тұрды:
1. Құттықтау сөзі.
Іс-шараны мектеп директоры ашып, жасанды интеллектті білім беру процесіне енгізудің маңыздылығын атап өтті.
2. Шеберлік сабақтары.
Мұғалімдер заманауи әдіс-тәсілдерді пайдаланып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың сауаттылығын дамытуға бағытталған түрлі тапсырмалармен танысты.
3. Дөңгелек үстел: «Қазақтың тұңғыш ғалымы – Шоқан Уәлиханов».
Семинар аясында Шоқан Уәлихановтың еңбектері мен оның қазақ ғылымына қосқан үлесі туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қатысушылар ғалымның өмірі мен зерттеулерінің маңыздылығын талқылап, өз ойларымен бөлісті.
4. Тәжірибе алмасу.
Қатысушылар өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімді жолдарын талқылады.
Аталған семинарға Смирнов № 1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ислямбекова М.Б. қатысып, тәжірибе алмасу мен жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру мүмкіндігіне ие болды. Семинар барысында ол заманауи білім беру технологиялары мен жасанды интеллектті сабақта қолданудың тиімді жолдары бойынша мол тәжірибе мен жаңа білім.
Семинар барысында мұғалімдер жасанды интеллектті білім беруде қолданудың жаңа мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар, Шоқан Уәлиханов туралы өткізілген дөңгелек үстел ұстаздарға қазақ ғылымының бастауында тұрған тұлғаның еңбектерін оқушыларға жеткізудің тиімді жолдарын көрсеткен ерекше бөлім болды.