10 сынып оқушылары арналған М. Қозыбаев атындағы СҚУ-де өткен inDrive компаниясының халықаралық Beginit Central Asia жобасының іріктеу кезеңі#Біртұтас_тәрбие

Қазанның 1 күні № 1 Смирнов орта мектебінің 10 сынып оқушылары М. Қозыбаев атындағы СҚУ-де өткен inDrive компаниясының халықаралық Beginit Central Asia жобасының іріктеу кезеңіне қатысты. Қазақстанда inDrive компаниясының халықаралық Beginit Central Asia жобасының жаңа маусымы басталады, ол елдің 10 өңірін қамтиды. Жоба Astana Hub халықаралық технопаркінің және iQanat қорының қолдауымен өткізіледі. Қазақстанның 10 өңірін қамтитын ауқымды білім беру жобасы дарынды жоғары сынып оқушыларына тегін жоғары білім алуға және көшбасшылық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Beginit Central Asia жобасы 2024 жылдың қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың маусымында Астанада аяқталады. Жобаға қатысушылар Beginit білім беру платформасында тегін оқудан өтіп, Алматыдағы көшбасшылық дағдыларды дамытуға арналған оқу лагерьге қатысу және осы әлеуметтік жоба аясында тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама қорытындысы бойынша 6 үздік қатысушы бағалы сыйлықтармен марапатталады, атап айтқанда шетелде білім алу, ҰБТ-ға дайындық курстары және компьютерлер сыйға тартылады. Сонымен қатар, 20 финалистке inVision U университетінде тегін оқуға шақыру беріледі.

Источник дополнительной информации