Инклюзивті қолдау кеңсесінің мамандары ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған қайырымдылық жаңа жылдық кеш ұйымдастырды

Жаңа жылды тойлау қарсаңында Инклюзивті қолдау кеңсесінің мамандары ерекше білім алуды қажет ететін балалар үшін қайырымдылық жаңа жылдық шырша ұйымдастырды. Жаңа жылдық шырша аясында балаларға басты кейіпкерлер Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен жаңа жылдық бағдарлама ұсынылды. Балалар жаңа жылдық ойындар мен жарыстарға ықыласпен қатысты. Жаңа жылдық шыршаны айнала билеу ерекше қуаныш сыйлады.
Мереке соңында балаларға мейірімді жүректі Қамқор адамның демеушілігімен тәтті сыйлықтар табыс етілді. Бұл кісіге балалардың жүздеріне қуаныш сыйлап, қуаныш сыйлағаны үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Қосымша ақпарат көздері