«Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық жоғарғы колледжі» КМҚК кәсіптік бағдар беру жұмысы

19 қаңтарда 8-10 сынып оқушылары үшін Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік педагогикалық колледжінің өкілі Азамат Қанатұлы Қаскеев кәсіптік бағдар беру әңгімесін өткізді, онда ол балаларға колледждің дайындайтын мамандықтары, білім беру саласы, нысандары туралы, сонымен бірге колледж өмірі туралы толық айтып берді.

Колледж келесі мамандықтар бойынша талапкерлерді қабылдайды: Тамақ өндірісінің технологиясы және ұйымдастыру, Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру, Дене шынықтыру мұғалімі, Электр технигі, Автокөлік электр жабдықтарын жөндеуші электромонтер, Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану бойынша қолданбалы бакалавр, Жол инспекторы, Төтенше жағдайлардан қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі техник. Оқыту ұзақтығы мектептегі оқу базасына байланысты. Грантқа түсу мүмкінлігі аттестат пен куәліктің бағаларына байланысты.

Қосымша ақпарат көздері