Қазақ тілі бойынша «Жарқын болашақ» республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

2024 жылдың 27 ақпанында аудандық кітапханада ауданның жалпы білім беру мекемелердің 7-11 сынаптар оқушыларының арасында қазақ тілі бойынша «Жарқын болашақ» республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және қолдану саласын кеңейту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқушылардың зерттеу және шығармашылық қабілеттіктерін дамыту, туған тарихына, тіліне, салт-дәстүрлеріне қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Олимпиада 5 бағыт бойынша өткізілді. Біздің мектептен 7,8,9 сыныптардың 4 оқушысы қатысты.

Өткізілген олимпиаданың нәтижесі бойынша «Жас қаламгер» номинациясында 2 орынды  9 сынып оқушысы Құаныш Нұрбақыт, 3 орынды 8 сынып оқушысы Киво Максим иеленді, «Сөз шебері» номинациясында 3 орынды  8 сынып оқушысы Кеда Анастасия иеленді, «Әнші-бұлбұлдары» номинациясында 3 орынды  7 сынып оқушысы Бабинова Диана иеленді.

Қосымша ақпарат көздері