«Жануарлар әлемінде»

Бастауыш сыныптың онкүндігі аясында 29 ақпан күні мұғалім Малыш Т.И. «Жануарлар әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сайысқа 1А және 1Б сынып оқушылары қатысты. Жануарлар әлеміне қызықты саяхат командалардың амандасуынан басталды.
«Пингвиндер» және «Кірпілер» командалары жұмбақтарды шешті, жануарларды сипаттау арқылы танып, пантомима көрсетті, жұмбақ құрастырды, ертегі кейіпкерін тапты. Тапсырмаларды орындау кезінде балалар зейінділік, зеректік, эрудиция, топта жұмыс істей білу қабілетін көрсетті.
Іс-шара балаларды қызықты етіп қана қоймай, сонымен қатар тәрбиелік мәні зор болды. Балалар жануарлар мен олардың әдеттері туралы көп мағлұмат алды. Ең бастысы, балалар табиғатқа сүйіспеншілік пен қамқорлық қажет екенін түсінді. Біздің әлемнің сұлулығы бізге байланысты.
Шара соңында қазылар алқасы қорытынды шығарып, қатысушыларға экзотикалық жануарлардың суреттерін сыйлыққа берді.

Қосымша ақпарат көздері