«Жүзден – жүйрік, мыңнан тұлпар»

6 наурыз күні Қазақ тілі мұғалімі Альбекова Л.К 9 «А» және 9 «Б» оқушылары арасында қазақ тілі апталығының онкүндігі аясында «Жүзден – жүйрік, мыңнан тұлпар» атты зияткерлік байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты-мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру, ана тіліне және өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту. Мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықтарын ояту, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыру. Ойын барысында балалар белсенділік танытып, білімдерін тексерді. Іс-шара сәтті өтіп, көрермендерді қуантты.Ойын 6 кезеңнен тұрды.1 – «Таныстыру», 2 – «Сөздер сөйлейді», 3 – «Деген екен», 4 — «Білімді мыңды жығар», 5 – «Сөз болаты — мақал», 6 – «Бейне сұрақ». Байқау қорытындысы бойынша 9 «Б» тобы бірінші орын алды, 9 «А» тобы екінші орынды иеленді. Ойынды 9 «Б» сынып оқушысы Қуаныш Нұрбақыт күймен аяқтады.

Қосымша ақпарат көздері