«Ғарыш менің көзіммен» шыгармашылық жұмыс сайысы

Ғылым күнін мерекелеу жақсы дәстүрге айналды және жыл сайын біздің мектепте, мектеп жоспары аясында өткізіледі . 12 сәуірде 0-6 сынып оқушылары арасында «Ғарыш менің көзіммен» суреттер мен қолөнер байқауы өткізіліп, нәтижесінде көрме ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: оқушылардың астрономия пәніне қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділікті, ой-өрісті қалыптастыру. Байқауға қатысушылар қиял мен шығармашылықты көрсетті. Олардың арасында 20-дан астам сурет бар: жұлдызды аспанның суреттері, ғарыш аппараттары мен ғарышкерлер, ғарыш туралы шығармалар мен мультфильмдерге иллюстрациялар. Конкурстың қорытындысы жалпы мектеп үзілісінде жарияланып, үздік жұмыстарды марапаттау рәсімі өтеді. Байқаудың барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны және тамаша конкурстық жұмыстары үшін алғыс айтамыз!

Қосымша ақпарат көздері