Бүгін, яғни 16 наурыз күні біздің мектепте 9-сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы : «Бес арыстың бірі-Мағжан Жұмабаев». Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Науразбаева А. У. өткізді. Сабақтың мақсаты : тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, білімдерді бекіту, ауызша және жазбаша мәтіндер құрастыру. Сабақта Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы туралы бейнефильм көрсетілді . Ақынның мұражайына виртуалды саяхат жасалды.Сабақ барысында мұғалім әр түрлі әдістері қолданды: семантикалық картаны толтыру .-,»Акроним» әдісі бойынша сөздер құру , постерлерді қорғау, сөздікпен жұмыс, кластер құрастыру. Оқушылар жұпта, жеке және топта жұмыс жасады. Балалар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенді қатысты. Сабақта балалар көптеген пайдалы ақпарат алды және білімдерін тиянақтады.