«Бес арыстың бірі-Мағжан Жұмабаев»

Бүгін, яғни  16 наурыз күні  біздің мектепте 9-сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы : «Бес арыстың бірі-Мағжан Жұмабаев». Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Науразбаева А. У. өткізді. Сабақтың мақсаты : тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, білімдерді бекіту, ауызша және жазбаша мәтіндер құрастыру. Сабақта Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы  туралы бейнефильм көрсетілді . Ақынның  мұражайына виртуалды саяхат жасалды.Сабақ барысында мұғалім әр түрлі әдістері қолданды: семантикалық картаны толтыру .-,»Акроним» әдісі бойынша сөздер құру , постерлерді қорғау, сөздікпен жұмыс, кластер құрастыру. Оқушылар жұпта, жеке және топта жұмыс жасады. Балалар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенді қатысты. Сабақта балалар  көптеген пайдалы ақпарат алды және білімдерін  тиянақтады.

Қосымша ақпарат көздері