Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының қорытындысы бойынша «Тілім менің-тірлігімнің айғағы»

Наурыздың 28-і күні біздің мектебімізде наурыздың 6-сы мен 17-сі аралығында қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу мақсатында өткен «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының қорытындысы бойынша линейка өтті. Линейка барысында «Наурыз мейрамына құттықтау» бейнежазба байқауы, «Ұлыстың ұлы күні» эссе байқауы, «Наурыз мейрамы» суреттер байқауы бойынша оқушылар марапатталды. Суреттер байқауы бойынша бастауыш сыныптары аса белсенділік танытса, орта және жоғары буын өз білімдерін эссе жазуда, бейнежазба құруда сынады. Сонымен қатар сыныптан тыс іс-шараларға қатысқан сыныптар, қазақ тілі турниріне қатысқан жас мамандар да назардан тыс қалмады. ӘБ жетекшісі келесі оқу жылында да оқушыларды апталыққа белсенді қатысуға шақырды.

Қосымша ақпарат көздері