Жалпы білім беру жобалары бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі

2023 жылдың 6-сәуірі күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының республикалық қорытынды кезеңі өтті. Біздің №1 Смирнов орта мектебінен республикалық кезеңде 11-сынып оқушысы Гречаников Леонид өз жұмысын ұсынды. Спортта физика заңдарын қолдану туралы жобасында, атап айтқанда, баскетбол ойыны кезіндегі доп қозғалысы кинематикасы зерттеліп, допты лақтыру бұрышын басқаруға арналған тренажер жасап шығарды. Жоба республикалық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, нәтижесінде  Л. Гречаников 3 жүлделі орынға ие болды. Ғылыми жобаның жетекшісі – физика пәнінің мұғалімі А. А. Хамзин.

Л.Гречаников пен А. А. Хамзинді лайықты марапатымен құттықтаймыз.

Қосымша ақпарат көздері