Смирнов №1 орта мектебінің 9 сынып оқушылары Аққайың ауданы Қиялы ауылының аграрлық колледжінде «Ашық есік күніне» барды.

2023 жылдың 18 сәуірінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Смирнов № 1
орта мектебінің 9 сынып оқушылары Аққайың ауданы Қиялы ауылының аграрлық колледжіне «Ашық есік күніне» барды. Осы колледждің өкілдері бізді ойын-сауық бағдарламасымен қарсы алып, викторина өткізді, кейін оқу орны бойынша экскурсия ұйымдастырылды, ауыл шаруашылығы техникасын, спорт алаңдарын, кітапхананы және т. б. көрсетті. Оқу орны бірнеше кәсіпорындармен тығыз жұмыс істейді, бұл түлектерге оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді және қазіргі қоғамда сұранысқа ие мамандарды дайындайды.

Қосымша ақпарат көздері